Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлының ұйымдастыруымен мешіттерде әр түрлі дертке шалдыққан бүлдіршіндерге Рамазан айында көмек көрсету шарасы өз жалғасын табуда.
Бас имам мереке күні Жандос атты ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіннің үйін зиярат етіп қайтты. Бас имам бүлдіршінге азық-түлік беріп, дертіне шипа тілеп, балалық ойнынын қандырсын деген ниетпен өзі қалаған ойыншықты сыйға тартты.
Дәл осындай ізгі шараны «Сарыбұлақ», «Алға», «Отар» ауылдық мешіттері де іске асырып, мүгедек балаларды зиярат етіп, сыйлықтарын ұсынды.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі