«Ислам және отбасы» жылы аясында және балаларды қорғау күніне орай ауыл аймақтардағы мереке Қордай аудандық мешітінде өз жалғасын тапты. Ойын баласының барлық тілегін қамтамасыз ету үшін мешіт алаңында балалар қалашығы бой көтеріп, түрлі әткеншектер, аттракциондар орнатылды. Тіпті, тегін балмұздақ пен сусын тарататын өте мейірімді қызметкерлер де болды бұл күні.
Таңғы сағат оннан бастап мешіт ауласын күлкілерімен көмкерген балалар бұл күннің басты кейіпкері өздері екендіктерін сезіне алды. Өйткені, мұнда адамдардың бәрі мейірімді, жылы жүзді, тек қана жақсы сөз айтады.
Мешіт алаңында орын алған мерекелік шараға сауат ашу курстарының шәкірттері, аз қамтылған отбасы бүлдіршіндері қатысты. Тәтті сусын мен балмұздаққа тойған балалар дін қызметкерлеріне разылықтарын шаттыққа толы күлкісімен жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі