Қасиетті жұма күні Т. Рысқұлов ауданына қарасты мешіттерде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1930-1950 жылдарда зұлмат заманның тауқыметін тартып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына қасиетті Құран аяттары бағышталып, арнайы ауызашар берілді.
Ауызашар дастарханында ұлттың болашағы үшін шейіт болғандардың күреске толы өмірі мен ғибратты, сауапты амалдары жайлы насихат айтылып, дұға жасалады.
Әбілда Мейірханов
зейнеткер