Рамазан он екі айдың сұлтаны, дұға тілектің қабыл болып, мұсылмандардың ерекше ғибадаттарын арттырып, Жаратушы иесіне жалбарынатын қасиетті ай.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Кімде-кім ораза ұстаушыға, ауыз ашар берген болса ораза ұстаған жандай сауапқа ие болады», - деген.
Осы мақсатта Рамазан айында Шу қаласындағы орталық «Жәми» мешітінде мешіт жамағатына ауыз ашар берілуде.
Ауызашарға жиналған жамағатқа мешіт имамдары түрлі тақырыптарда уағыздар жүргізуде.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі



18 Қаңтар 2026
29 Раджаб 1447

