Ірі қалаларда, облыс және аудан орталықтарында халықаралық балалар күніне арналған іс шаралар өз дәрежесінде өтеді. Өкінішке орай ауылдық жерлерде, әсіресе шағын қоныстарда мерекелік іс-шаралар, балғындарға сыйлықтар да жиі болмайтыны белгілі.
Осы жайттарды ескере келе және ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының Рамазан айына байланысты нұсқауларын алға тарта отырып, «Ислам және отбасы» жылы шеңберінде аудан бас имамы Д.Жандосұлы ауылдық мешіттерге бір мүгедек баланы өз қамқорлығына алу жөнінде тапсырма берген болатын.
Мейірімділік айында, балалар күнінде «Қақпатас», «Бетқайнар», «Кенен» және «Өтеген» ауылдық мешіттері бастаманы қолдап мүгедек балаларға киім кешек, дәрі дәрмек алуға қол ұшын созып, үйлерін зиярат етіп қайтты.
Аудан бас имамының бастамасына дән риза болған ата-аналар, дін қызметкерлеріне алғысын жаудырды. Балалар күні аталмыш мешіт имамдары мектеп аулаларындағы аз қамтылған отбасы балаларына ұйымдастырылған лагерьлерде болып, тәттілерді сыйға тартып, ойын сауыққа да қатысып қайтты. Мінекей осылайша Қордай жері балалар күнін атап өтті. Мерекелік шаралар орталық мешітте де өз жалғасын табады.
Аудандық «Қордай» мешітіні Баспасөз қызметі