Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде Рамазан айында бірқатар ізгі шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ күнделікті тарауық намазынан бұрын жарты сағат жиналған жамағатқа тұрақты түрде уағыз айтылады. Сондай-ақ Рамазан айындағы сауапты істердің бірі ауызашар, «Жәми» мешітінің асханасында 100-150 кісіге ауызашар беріліп, ауызашарда тартымды да тағылымды уағыздар жүргізілуде.
Мешітінің асханасында жеке адамдар, мекемелер ұжыммен бірігіп ауызашар беріп сауапты іс жасауда. Соның бірі үлкен үлгі өнеге болатын Шу аудандық мәслихат депутаттарының хатшысы Ержан Көрікбайұлының ұйымдастыруымен биыл екінші жыл Рамазан айында «Жәми» мешітінде 100 астам мешіт жамағатына халық қалаулылары ауыз ашар берді.
Мешітіміздің ұстазы Нұржан Сабырұлы мешіт жамағатына ауыз ашар беріп жатқан халық қалаулыларына алғысын жеткізіп, ізгілікті шараны ұйымдастырып мұрындық болып жүрген мәслихат хатшысы Өмірәлиев Ержан Көрікбайұлына алғысын айтып, жиналған жамағатқа уағыз айтты.
Мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы жамағатты Рамазан айымен құттықтап, келер жылы да осындай он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айына аман-есен жетулеріне тілек білдірді.
Дастархан соңында Құран оқылып, мешіт жамағаты, аудандық мәслихаттың депутаты Әбдіманапов Сайфуддин қажы бата жасап, дуниеден өткен әруақтарға Құран бағыштады.
«Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі