Балаларды қорғау күні ерекше форматта аталып өтті

Балаларды қорғау күні ерекше форматта аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы   халықаралық балаларды қорғау күніне орай   «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында» болып,  «Мейірімді болайық» акциясына ат салысып қайтты.

Бас имам ерекше бүлдіршіндерді, ата-аналарды мерекемен, ұлық Рамазан айымен құттықтап, мекеме ұжымына алғыс айтты. Сөзін жалғастыра келе, Дәуренбек Жандосұлы сабыр туралы насихат айтып, Алла Тағаланың сабырлылармен бірге болатынын тебірене жеткізді.

Мекеме тәрбиеленушілеріне бас имам мешіт атынан тәттілер, сусындар және ойыншықтар сыйлап, қосымша жомарт жандардың қолдауымен мешіт атынан орталыққа  150 000 теңге қаржыны сыйға тартты. Мекеме басшысы, ата-аналар Рамазан айындағы мешіттің атқарған  игі шарасына дән риза болып, алғыстарын жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: