«Кеңесхан қажы» мешітінің әйел шәкірттері марапатталды

«Кеңесхан қажы» мешітінің әйел шәкірттері марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде 3 кезеңдік «Сауат ашу» курсы аяқталды. Мешіт ұстаздары Қожантаева Айдана мен Қолағұлова Жібек шәкірттерді «Құран» курсын тамамдауымен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Қыркүйек айында басталған бұл 3 кезеңдік курста 4 пәннен дәрістер өткізілді.  «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны», «Ислам ғылымы», «Иман негіздері» «Құран мен Таджуид» және «Ахлақ» сабақтарынан емтихан алынып, «өте жақсы», «жақсы» және «қанағаттандырарлық» деген бағалар қойылды.

«Өте жақсы» деген бағаны алған шәкірттерді мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл алғыс хатпен марапаттады.

Жиын соңында әжелер ұстаздарға бата беріп, разылығын білдірді.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: