Өртке қарсы қызмет мекемесінде кездесу өтті

Өртке қарсы қызмет мекемесінде кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан имамы Т.Рысқұлов аудандық Өртке қарсы қызмет көрсету мекемесінде өткен  кездесуде болды.

Тілсіз жаудан қорғап, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтарға аудан имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы: «Бүгінде кереғар діни ағымдардан көбейіп кетті. Біздің Ислам діні — шынайы дін. Өте мейірімді дін. Бейбітшілікке үндейді. Құран Кәрімде де көптеген аяттар бар. Алла Тағала бүлік шығарушыларды сүймейді. Қазіргі таңда елімізде соттың шешімімен тыйым салынған 21 діни ағым бар. Соңғы уақыттағы көптеген діни ағымдардың ел арасында белең алуы жұртшылыққа әсіресе, жастарға әсерін тигізіп жатыр», - деп насихат  айтты.

Иман, сенімге қатысты салиқалы әңгіме айтылып, тыңдаушылар сөз арасында сұрақтарын қойып, қызығушылық танытып отырды. Осы сынды насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.


Әбілда Мейірханов

 зейнеткер

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: