«Һибатулла Тарази» мешітінде Құран хатым дұғасы оқылды

«Һибатулла Тарази» мешітінде Құран хатым дұғасы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітте Рамазан айында басталған Қасиетті Құранның хатымы аяқталып, хатым дұғасы оқылды.

Биылғы жылы да Құранның хатымы әдеттегідей 15 күнде оқылды. Тарауық намазы аяқталысымен мешіттің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы бастаған жамағат алақан жайып, хатым дұғасына қатысты.

Баршамызға мәлім болғандай, осы жылғы тарауық намазын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылы өткен VI Республикалық Құран жарысының жүлделі 1-орнын иеленген жас қари Әлімбетов Дулат жүргізді. Мешіттің бас имамы Данияр қари Әлимұхамедұлы Құранның хатым дұғасын оқып, артынша баршама мұсылмандар үшін, еліміз, жеріміз, халқымыз үшін жарылқау тілеп, Алла Тағаладан мемлекетіміздің мәртебесін арттыруын, Ислам дініміздің қуаттануын, ауызбіршілігіміз бен егемендігімізді нығайтуды, ата-бабамыздан біздерге аманат болып қалған кең байтақ жерімізді ішкі және сыртқы жаулардан сақтауын тіледі.

Алла Тағаладан Құран хатымын өткізген қариымыз үшін екі дүниенің бақытын тілеп, мейірім-шапағатына бөлеуін сұраймыз. Баршамыздың тұтқан оразаларымыз, жасаған құлшылық-ғибадаттарымыз қабыл болсын дей келе, тарауық намазы Рамазан айының соңына дейін оқылатындығы жайлы ескертпекпіз.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: