Рамазанда Құран хатым жасалды

Рамазанда Құран хатым жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан» қажы мешітінде әйелдер жамағаты Рамазан айына арналған Құран хатым дұғаларын оқыды.

«Әйелдер-қыздар секторы» ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен шарада шәкірттер үш топқа бөлініп, әр топқа бір хатым оқу тапсырмасы берілді.

Белгіленген уақытта тапсырмаларын орындаған шәкірттер бұл хатым Құранның  сауабын Алладан үміт ете отырып, Пайғамбар (с.а.с) рухына, оның отбасына, барша пайғамбарларға, дүниеден өткен барша мұсылмандарға арнады. Топтың әжелері дүние және ахиретіміздің шам шырағы Құранның құрметіне Алла Тағаладан рақым және шапағат тілеп, барша дін бауырларымызға амандық пен тура жол сұрады.

Қасиетті Рамазанда жасалған барша амалдарымыз қайырлы және қабыл болсын!

 

«Кеңесхан» қажы мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: