Жақсылықтың жаршысы атанып, қайырымдылықтың ордасына айналған облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті бүгін де Тараз қаласындағы жағдайы төмек 40 отбасына қайырымдылық көмек көрсетіп, ізгі іс жасады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлының ұйымдастыруымен жасалған «Рамазан – ізгілік пен қайырымдылық айы» атты бұл шарада мұқтаж әр отбасына 15 000 теңге көлемінде сатып алынған азық-түлік таратылды.
Көмек алуға келген жандарға мешіттің наиб имамы Аманбаев Ержан мен іс басқарушысы Қожахметов Халит азық-түлік салынған пакеттерді үлестіріп берді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі