«Һибатулла Тарази» мешіті БАҚ өкілдеріне ауызашар берді

«Һибатулла Тарази» мешіті БАҚ өкілдеріне ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында облыстық орталық «Һибатулла Тарази» Тараз қаласындағы  мешіті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және белсенді жастардың басын қосып, ауызашар берді.

Ауызашар барысында ең әуелі ақшам намазына азан шақырылып, Құран оқылды. «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы сөз алып, оразаның маңызы, ауызашардың артықшылығы туралы уағыз айтты. Сонымен қатар, белсенді жастардың, блогерлердің қоғамдағы және дінімізді насихаттаудағы айрықша рөлі туралы тоқталып өтті. 

Бас имам БАҚ өкілдерінің дін істеріндегі рөліне тоқталып, Хақты таныту  жолындағы журналистер жұмысына жеміс тіледі. Ауызашар барысында ізгі ниеттерін, игі тілектерін білдіргісі келген журналистер де сөз алып, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамына, игі істеріне ризашылық білдірді.

Ауызашардан журналистер жақсы көңілмен тарқасты.


«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: