Жамбыл облысы Дін істер басқармасының Шу ауданындағы оңалту орталығының инспекторы Нұрлыханов Бақыт Шу қаласындағы орталық «Жәми», «Әбу Бәкір Сыддық» және «Айтқұл баба» мешіттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Қазақстан Республикасының үкімет басшысы бекіткен «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясындағы тақырыптарды баяндады. Сондай-ақ, басшыға бағыну мұсылмандық міндет екенін айтып өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі