Бас имам жас түлектермен кездесу өткізді

Бас имам жас түлектермен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы  мектеп бітірушілермен кездесу өткізді.

«Жолың болсын жас түлек» іс-шарасы аясында №1 және №2 орта мектеп түлектерімен  «Жат ағым жарға жығар», «Суицид тығыраққа тірер» тақырыбында әңгіме өрбіді.

Мектеп бітірушілерін  бас имам оқу жылының аяқталуымен құттықтап,  болашақтағы жоспарларын тыңдап өтті. Әрине мектеп бітірушілердің арманы ұлттық біріңғай тестілеуді сәтті тапсыру. Міне, осы үлкен іске дайындықты пысықтап, алдында болар қиындықтарға төтеп беру үшін сабырлықты жетілдіру қажеттігін айта өтіп, өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығарар жол емес, қайта сол тығырыққа тірер іс екенін бас имам  тебірене жеткізді. 

ҰБТ тапсырып біткеннен кейін үлкен қалалардағы ЖОО барып түскен  болашақ студенттердің жат ағым жетегінде кетуден сақтау үшін, ағымдар мен секталар туралы Дәуренбек Жандосұлы түлектерге  кең ақпарат берді.

Жас түлектер өз көкейкесті сұрақтарын дін қызметкерлеріне қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: