Жамбыл облысындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Кенжемолдаев Алмас Шу қаласындағы қалалық «Жәми» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде уағыз жүргізді.
Ақшам намазында «Жәми» мешітіндегі ауыз ашарға жиналған жамағатты Кенжемолдаев Алмас Рамазан айымен құттықтап, ауызбірлікпен тату-тәтті өмір сүрудің құндылықтарын айтып өтті.
«Ата-бабаларымыз айтқандай, бақыт қайда барасың, ынтымағы жарасқан елге барамын деген екен. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыздың бірі ауызбіршілікті сақтап, еліміздің, ұлтымыздың болашағы ынтымақта екенін жете түсіну әрі осы бағытта еңбек ету», - деп атап өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі