Тәртіп сақшыларымен кездесу өтті

Тәртіп сақшыларымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамның тыныштығы мен бірлігін сақтау баршамызға ортақ міндет. Дін атын жамылған теріс ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен зардабын түсіндіру мақсатында  Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы аудандық полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бас имам елімізде белең алған радикалдық ағымдардың шығуы мен қоғамға тигізер зардаптары жайында кеңінен түсіндірді. Кездесу соңында бас имам Сұлтаншәріп қажы тәртіп сақшыларының сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсуінен байқалады. Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететіндіктен дұрыс ақпараттық насихаттың болуын талап ететіні сөзсіз. 

 

Әбілда Мейірханов

 зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: