Шу аудандық мешітінде ауызашар беріліп, тарауих намазы оқылуда

Шу аудандық мешітінде ауызашар беріліп, тарауих намазы оқылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай.  Ғибадат егер құс болатын болса , оның  қос қанаты ораза мен намаз болары күмәнсіз деген.  

Шу аудандық «Төле би» мешітінде Алла нәсіп етіп, биылда тарауих намазы оқылып, дастархан жайылып ауызашар берілуде.

Мешітімізде қасиетті Құран Кәрімді хатыметіп,  тарауих намазын жүргізуге  Астана  қаласынан қарилар медресесінен арнайы Мұхаммеджан және  Асатулла  қари бауырларымыз шақыртылды.

Сонымен қатар қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап мешіт жамағатына, ақсақалдар мен апа-әжелерімізге, мешітке келген ауыл тұрғындарына, жалпы 100-120 адамға ауызашар берілуде. Мешіт асханасы адамға лық толып, дастархан басында ҚМДБ тарапынан белгіленген Рамазан айындағы уағыз тақырыптар бойынша  әсерлі уағыз насихат айтылуда.

Құран айының қуанышымен бір дастарханда бас қосқан көпшілік алғыстарын айтып, разылықтарын білдіруде.

                                                                      Шу аудандық «Төле би» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: