Шапағаты мен берекесі мол қасиетті Рамазан айының он екі күні өте шықты. Адами қасиеттердің ең қадірлісі - қайырымдылық болғандықтан, оны жасаудың өзі бір үлкен ғибрат.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен және қайырымды жандардың қолдауымен, қасиетті Рамазан айының құрметіне тұрмыстық жағдайы төмен 35 отбасы мен мүгедек жандарға қайырымдылық науқаны көрсетілді.
Атап айтсақ 35 қап ұн, 35 қап пияз, 175 л сұйық май, әр отбасына 5 кг макарон, 5 кг кеспе, 5 кг қант, және шәй таратылды. Жалпы жұмсалған қаражат 413.300 тг қамтыды.
Алла үйіне қадам басқан мұқтаж жандарға ауданымыздың бас имамы Аят Дыбысұлы сабырлық жайында уағыз айтты.
Қашанда Алланың үйі мешітке арқа сүйеп келетін мұқтаж жандар қайырымдылықты ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі