Меркі ауданында застава басшыларының ұйымдастыруымен, қатардағы жауынгерлермен дін мәселесі жайында кездесу өтті.
Кездесуге Меркі ауданының бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы қатысып қайтты.
Кездесуде бас имам дәстүрлі Ислам дінінің қағидаларын жауынгерлерге толығымен жеткізе отырып: «Дінімізді қаншалықты қаралағанымен дәстүрлі Ислам дінінен, олар ойлағандай адам баласына зиянын тигізетіндей жаман іс әрекеттер ешқашанда таппайды. Сол себепті, алаңдауға еш негіз жоқ», - деп атап өтті.
Кездесу соңында, жауынгерлер бас имамға сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті