Наиб мүфти секциялық отырыста дәріс оқыды

Наиб мүфти секциялық отырыста дәріс оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ХХ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбында өткен форумға қатысқан имамдар «Мешіт жамағаттары арасындағы деструктивті діни бағыттағы азаматтармен ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы секциялық отырысқа да қатысты.

Кездесу барысында қала, аудан бас имамдары мен наиб имамдарға және молдаларға модератор «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан мешіт жамағаты арасындағы деструктивті діни бағыттағы азаматтармен қандай мәміледе болып, олармен қандай сипатта сөйлесу керектігі туралы баяндады.

Діни ахуалды тұрақтандыру өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде өңірімізде теріс ағымның жетегінде кеткен азаматтарды кері қайтару бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. 2015 жылдан бері осы уақытқа дейін оңалту жұмыстарының арқасында деструктивті бағыттағы 503 азамат қоғамға бейімделген. Оның ішінде 40 әйел азаматы бар. 

Жамбыл облысында 1 млн 117 мыңға жуық  халық тұрады.  Ұлттық ерекшеліктері бойынша оның 87 пайызға жуығы – мұсылман, 11 пайыздан астамы христиан, ал қалғаны басқа діндер мен атеистік көзқарасты ұстанушылар болып саналады.  Бүгінде тіркеуден өткен діни бірлестіктердің елдегі барлық әрекеттері мемлекеттік органдардың бақылауында.  Ал, экстремистік және деструктивті бағыттағы ағымдармен күрес жыл артқан сайын қарқын алуда.

Жат ағымдардың жетегінде кететіндер ішінде жастар көп. Олардың оңай алданып қалуының негізгі себебі – ұстазсыз діни білім алу, - дейді мамандар. Одан бөлек, дінтанушылар енді ғана әуестеніп жүргендерді оңалту оңай екенін, ал 5-6 жыл тұрақты жат ағымдықтармен араласып жүргендерді қоғамға бейімдеу қиынға соғатынын айтады. 

Отырыста сонымен қатар, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы мен «Нұр-Мүбәрак» ЕИМ университетінің «Исламтану» кафедрасының оқытушысы, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы да «Мешіт жамағаттары арасындағы деструктивті діни бағыттағы азаматтармен ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбына арналған баяндамалар оқып, насихат жұмыстарын жүргізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: