Қала және аудан имамдарының жиналысы өтті

Қала және аудан имамдарының жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының кезекті жиналысын өткізді.

Өкіл имам Данияр қажы Жұмабаевтың басшылығымен өткен жиналыста жаназа рәсімдерін бірізділікке келтіру мақсатында имамдарға берілген тапсырмаларға сай тапсырманың орындалу барысы пысықталып, есебі тыңдалды. Оразаға дайындық жұмыстары, ораза айында Хатым түсіретін қариларды қазірден бастап дайындау және қажет еткен қала, аудандарға бөлу, ауызашар, Қадір түнін өткізу және Ораза айт намазын жүргізу мәселелері талқыланды.

Облыстық мешіт тарапынан өңірдегі барлық қала және аудан мешіттерінің атқарып жатқан жұмыстарын және мешіттің хал-жағдайын білу мақсатында арнайы Тексеру комиссиясын құрылған болатын. Аталмыш тексеру комиссиясы барлық қала мен аудан мешіттерін аралап, жағдайымен танысты. Сол тексеріс барысында кездескен олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін арнайы тапсырмалар берілді.

Өкіл имам ҚМДБ тарапынан келген тапсырмалармен таныстырып, қайырымдылық, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру, облыстық мешіт жанынан құрылған Жергілікті ақпараттық насихат тобының жат ағым жетегінде кеткен азаматтармен тығыз байланыста болып, төл мазхабымызға қайтару жұмыстарын жүргізуді және уағыз-насихат жұмыстарының жүйелі жүргізілуін тапсырды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: