Бүгін орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мен Тараз қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» бірлесе отырып «Бір мемлекет, көп ұлт, түрлі тағам» атты қайырымдылық шарасына қатысты.
Бұл іс-шара 1-мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне орай Тараз қалалық №36 мектепте өтті. Қайырымдылық іс-шарасы аясында мүгедек балалар арасында кішігірім сайыс ұйымдастырылды.
Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің атынан іс басқарушы Қожахметов Халит және ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Үсенова Зейнеп арнайы қатысып, жеңімпаз балаларға сыйлықтар табыс етті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі