Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы аудандық орталық кітапхана оқырмандарымен кездесті.
Тағылымды жүздесуде әңгіме «Діннің адам өміріндегі маңызы» тақырыбы аясында өрбіді. Мұсылманшылық тәрбие, отбасы, ата-ана, баланы жат ағымнан сақтау үшін берілетін жанұядағы және діни тәрбие тақырыптарына да тоқталып өтті.
Халыққа түсінікті, қарапайым жалпақ тілмен жеткізілген насихат көптің көңіліне қонды. Бас имам кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы айтып, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі