Аңшы және аулауға қатысты шарттар

Аңшы және аулауға қатысты шарттар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ауланған бір аң етінің халал болуы үшін аңшы мен аулауға қатысты шарттарды бес бапқа бөліп айтуға болады.

Бірінші: Аңшының мұсылмандық тұрғыдан аңды соя алатын болуы керек. Сондықтан ер жеткен мұсылман адамның аулаған аңы – халал.

Екінші: Аңшының аңға ниет етуі, яки жүгірген аңға қарай үйретілген жануарын салуы қажет. Егер осы шарт жүзеге аспаса, мысалы бір аңды тәжірибе мақсатымен не- месе мергендігін дәлелдеу үшін ататын болса не болмаса аңшылық иті өз бетімен аңға қосылып, оны өлтіретін болса, мұндай аң халалға жатпайды. Бірақ әлгі тазысы өз бетімен аңға қарай кетіп бара жатқанда аңшы дереу Алланың атын атап қосса Ханафи және Ханбали мәзһабына қарай халалға жатады.

Үшінші: Аңшы мылтығын, яки садағын тартқанда не болмаса үйретілген тазысын саларда Алланың атын айтуы қажет. Мұны мал соярдағы секілді әдейі ұмытпауы қажет. Ал көптеген ғұламалар ұмытпай, бірақ, айтпаса ешқандай әбестігі жоқтығын алға тартады. Ол мұсылман болған соң, «Бисмиллаһ» айтқанмен тең. Алайда Ханафи бойынша «Алланың атын айтпаған малды жеңмеңдер» аятына жүгініп «Бисмиллаһты» айтпаған адамның аңын жеуге болмайды. Бұл жерде көптеген ғұламалардың және Шафиғи мәзһабының көзқарасымен амал етіп, жеңілдіктен пайдалануға болады.

Төртінші: Аңшы садағын тартқанда, яки құмай тазы- сын салғанда осылайша қуған аңын қолға түсіру кезінде аңшы басқа бір іспен айналысып кетпеуі қажет. Өйткені жаралаған аңына тезірек жетіп, бауыздауы қажет. Алайда немқұрайдылық танытып кешігіп барғанда аңы өліп қалатын болса, оның етін жеуге болмайды. Бесінші: Аң аулаған адамның сол кезде қажылық үшін ихрамда болмауы қажет.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: