Алла тағала Мұса пайғамбарға қаратып: – «Әй, Мұса! Пәлен деген жерде бізге дос адамдардың біреуі қайтыс болды. Сен барып соның жұмыстарын реттестір. Сен бармасаң да, біз оны бәрібір мейірімнен құралақан қалдырмаймыз», – деп бұйырды.
Мұса (а.с.) айтылған жерге барды. Сол жақтың кісілерінен:
– Бүгінгі түні Алла тағалаға жақын, има- ны берік жандардан кім көз жұмды? – деп сұрады. Бірақ ел оған:
– Ей, Мұса пайғамбар! Алла тағаланың досы еді дейтіндей ешкім қайтыс болған жоқ. Тек пәлен үйдегі өмірін жаманшылықпен өткізген, бұзылған бір жас жігіт қана көз жұмды.
Жиіркенішті қылықтарына қарап оны көмуге де ешкім жолар емес, – десті. Мұса (а.с.):
– Ендеше, менің іздеп жүргенім сол жігіт, – деді де, елдің жөн сілтеуімен жігіттің үйіне барды. Мұса пайғамбар үйге кірген кезде үй толы періштелерді көрді. Олардың әрқайсысы қолдарындағы табақтан Алла тағаланың мейірім-шапағаты мен кеңшілігін, рақымдылығы мен мейірбандығын молынан жан-жақтарына шашып жүргенін көріп таңданысы тіптен артты. Бұны көрген Мұса пайғамбар Алла тағалаға жалына - жалбарына тіл қатты:
– Уа, Жаратқан Хақ тағала! Сен ол жігітті «Менің досым» деген едің, алайда ел оның бұзылған, жаман Тағылым тамшылары жігіт екендігін айтуда. Бұның астарындағы мәнді ұға алмай тұрмын?
Сонда Алла тағала: «– Ей, Мұса! Халықтың ол жігітті бұзылған деуі рас. Алайда күнәсынан хабары болғанмен ол жігіттің тәубасынан халықтың хабары жоқ. Менің бұл құлым таң сәрісінен тұрып топырақ құша тәубаға келді. Менің рақымдылығымнан мол үміт етіп, мейірімділігімді пана тұтты. Мен оның шын жүректен шыққан тәубасын қабыл алдым. Ешқашан үмітсіздікке берілуге болмайтындығын көрсету мақсатында мен ол құлымды өзі сұраған мейірімділікке бөледім», – деп тіл қатты...
Иә, «Үмітсіз – тек қана шайтан». Неғұрлым шын жүректен шықса, тәуба соғұрлым қабыл болады.