Ораза тұтушыға берілген бес қасиет

Ораза тұтушыға берілген бес қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: «Менің үмбетіме рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:

1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3. Алла Тағала рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5. Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Ол (с.а.с.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: