Ол қиямет күні әйелдердің бибісі атанады...

Ол қиямет күні әйелдердің бибісі атанады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір деректе Жабир ибн Сәмура былай дейді: «Бір күні Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанымызға келіп бізбен бірге отырды. Сөз арасында:

- Фатима науқастанып қалды деді. Біз осыны естіген кезде қатты уайымға түстік. Дереу:

- Пайғамбарым! Фатимаға барып көңілін сұрасақ болмай ма? дедік.

Пайғамбарымызбен бірге тұрдық да Фатиманың үйіне қарай бет алдық. Барсақ есік жабық тұр екен. Алла елшісі Фатимаға дауыстап:

- Жамылғыңды жауып есікті аш! Саған көңіл айтып келген бір топ адам бар деді. Фатима:

- Пайғамбарым! Үстімдегі киімімнен басқа ешқандай жамылғым жоқ деді. Осы кезде Хақ пайғамбар үстіндегі шапанын шешті де есікті қиялап ашып ішке қарай лақтырып жіберіп:

- Мына шапанды алып үстіңе жамыл деді. Фатима киген соң бәріміз ішке кірдік. Фатиманың хал-жағдайын
сұрадық. Біраз отырған соң тұрып шығып кеттік. Сыртқа шыққан соң сахабалар өз арасында «Пайғамбардың қызының халіне қараңдаршы! Қандай күйге түскен» деп ішкі уайым-қайғыларын бөлісті. Олардың осы сөздерін естіген Алла елшісі:

- Ол қиямет күні әйелдердің бибісі атанады, деді».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: