Ортақ мәселелер бір жүйемен жүзеге асырылады

Ортақ мәселелер бір жүйемен жүзеге асырылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Мәдениет үйінде Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен, Шу аданының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаевтың қолдауымен аудан аумағындағы діни ахуал мен дін мәселесіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылау мақсатында кеңес отырысы өтті.

Жиынға Шу ауданының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы, облыс әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Е.Есмаханов, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғ.Жапек, аудандық АТТ мүшелері және аудан әкімі жанындағы діни кеңестермен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшелері, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері, жастар орталығының қызметкерлері, аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшелері, аудан, қала, ауыл имамдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Әуелі Қайрат Әскрбекұлы көпшілік қауымға жиынның мақсаты мен облыс орталығынан келген қонақтарды таныстырып,алғаш сөз кезегін өзінің орынбасары Е.Е.Аймамбетовке берді. Ол өңірдің діни ахуалы жайында арнайы слайдттармен толықтырылған баяндама жасап, бұл бағытта аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды мәлімдеді.

Келесі кезекте Е.Есмаханов «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары, дін саласындағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.

Келесі кезекте Ғалымбек Төлегенұлы жаназа рәсімі барысында бірізділікті сақтау жөнінде баяндама жасады. Бұл тұста айта кететін жәйт, еліміздің әр аймағындағы жұртшылық өкілдерінің жаназа рәсімін қалай өткізетіндігі жайлы материалдарды Қазақстанның мемлекеттік діни басқармасына (ҚМДБ) жөнелтіп, нәтижесінде ортақ мәмілеге негізделген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап басылып шыққан.

-Бұл бағыттағы өзгерістер аз уақытта бірден бір ізге түседі деп айту қиынырақ. Сондықтан, оны көпшілікпен бірлесе отырып, біртіндеп орнықтыру жұмыстары жүргізілуде. Тойдың сәні асаба болса, қаза кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу имамдарға байланысты. Жуырда облыс ортылығында аудан имамдарының басын қосып, хаттама толтырып, өзекті мәселелерді тізіп шықтық. Енді, оның негізгілерін имамдар аудандарда да лайықты жалғастырады деп сенемін,-деді Ғалымбек Төлегенұлы.

Сондай-ақ, ол жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты бірауыздан қабылданған нақты шешімдерді атап өтті.

Жиын барысында барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

«Сен балаңды тәрбиелеймін деп әуре болма. Өйткені, ол бала өзіңе ұқсайтын болады. Сондықтан алдымен өзіңді тәрбиеле» деген бір ғұламаның сөзімен қорытындыланған жиын соңында барлық қатысушыларға аталған тың өзгерістерді әр адам өзінен бастау керектігі айтылды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: