Өкіл имам Құран жарысы жеңімпаздарын марапаттады

Өкіл имам Құран жарысы жеңімпаздарын марапаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VII Республикалық байқауға» Жамбыл облысы бойынша өткен  іріктеу сайысында жеңіске жетіп, республикалық байқауға жолдама алған сайыскерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Қасиетті жұма күні жұма намазына жиналған жұртшылықтың адында «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы  «Құранды толық жатқа оқу» номинациясы бойынша 1-орынды иеленген Линтеев Исмаил, «Құранның 20 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша 1-орын алған Каримов Абдулкарим,«Құранның 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша 1-орын иеленген Сава Шамсудин және  «Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 1-орынға ие болған Бектаев Қасымжанды арнайы марапаттап, ақ батасы мен ізгі тілектерін арнады.

Көптің арасынан суырылып шыққан жеңімпаздар алдағы уақытта өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VII Республикалық байқауда  облысымыздың атынан сынға түсетін болады. Сәттілік тілейміз!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: