«Кеңесхан қажы» мешітінде апталық дастархан жайылды

«Кеңесхан қажы» мешітінде апталық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Кеңесхан қажы» мешітінде апталық дастархан жайылып, ауызашар берілді. Алғашқы  сөзді мешіт бас имамы Жұмағұл Қанат алып, Тараз қалалық «Молда Мұхамеджан» мешітінің имамын таныстырып өтті.

«Молда Мұхамеджан» мешітінің имамы Өтепбергенов Мұстафа жамағатқа мешіт әдептері туралы уағыз айтты.

Алла Құранда: «Ей, адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеніңдер!» - деген (Ағраф сұресі, 31-аят).

Құран кәрімнің тағы бір аятында: «Шүбәсіз мешіттер (һәм онда өтелетін барлық құлшылықтар) бір Алла үшін (сондай-ақ адам баласының құлшылық барысында қимылдайтын барлық мүшелері де бір Аллаға тиесілі). Ендеше, Алладан басқа ешкімге әрі ешнәрсеге дұға етіп, жалбарынбаңдар!» - делінген («Жын» сүресі, 18-аят).

Осы ретте имам мешітте сақталуы тиіс бірнеше амалдарды айтып өтті.

Олар: дауыс көтермеу, намаз уақытын күту, азан айтылғаннан кейін сыртқа шықпау, мешітте сауда жасамау, тазалықсақтау, оң аяқпен кіріп сол аяқпен шығу, аяқкиімді сөреге қою.

Жабир атты сахабадан (р.а.) келген хадисте: Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кім сарымсақ не пияз жеген болса, біздерге жақындамасын немесе біздің мешітімізге жақындамай үйінде отырсын», - деген. (Бухари). Яғни, тазалықты адам бірінші өзінен бастауы керек. Жағымсыз иістен аулақ болып, дәретпен, көркем әрі жылы пейілмен жүруі тиіс. Адам өз үйінде істемейтін істерді мешіттеде істемегені абзал, яғни күл-қоқыс шашпау, түкірмеу, тамақ қалдықтарын қалдырмау және т.с.с.

Осылайша әдептерді сақтай отырып, Алланың жердегі үйін қадірлей білейік!

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: