Құран оқудан Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті

Құран оқудан Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VII Республикалық байқауға» Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.   

Іріктеу сайысы:

Құранды толық жатқа оқу (30 пара);

Құранның 20 парасын жатқа оқу;

Құранның 10 парасын жатқа оқу;

Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүргізілді.

Әділ қазылар алқасы құрамында орталық «Һибатулла Тарази» мешіттің бас имамы Данияр Жұмабаев, медресе ұстазы Сүлеймен Саид және қари Хусей Абдулла болды. Жарыс кезінде қатысушылардың қырағатына, Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қабілетіне мән берілді.

Сайысқа облыс көлемінен жалпы саны 30 шәкірт қатысты. Сайыс нәтижесі төмендегідей:

«Құранды толық жатқа оқу» номинациясы бойынша:

  • 1 - орын: Линтеев Исмаил – 100 000 теңге;
  • 2 - орын: Жақсылықов Еркебұлан – 75 000 теңге;
  • 3 - орын: Усыров Алим – 50 000 теңге.

«Құранның 20 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:

  • 1 - орын: Каримов Абдулкарим - 75 000 теңге; 
  • 2 - орын: Чиахунов Абдурахман - 50 000 теңге;
  • 3 - орын: Цуанфуров Абдулла - 25 000 теңге.  

«Құранның 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:

  • 1 - орын: Сава Шамсудин – 50 000 теңге;
  • 2 - орын: Хуров Наил – 30 000 теңге;
  • 3 - орын: Хия Муслим – 15 000 теңге.

«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:    

  • 1 - орын: Бектаев Қасымжан – 50 000 теңге;
  • 2 - орын: Жұбатқанов Жалғасбай – 30 000 теңге;
  • 3 - орын: Жұмабайұлы Зейне -  15 000 теңге иеленді.

Бұдан бөлек ерекше қабілетімен көзге түскен басқа да қатысушыларға 5000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары беріліп, мадақтамалармен марапатталды. Айтулы додаға қатысуға келген барлық шәкірттерге облыс имамы Данияр қажы алғысын айтып, жеңімпаздарды құттықтай келе: «Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген және «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп», - дейді. Расында, сіздер дініміздің болашағысыздар, сіздерден үлкен үміт күтеміз. Дін жолында аянбай еңбек етіп, Алланың сөзі қасиетті Құран Кәрімді ұлықтай берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Алла білімдеріңізге береке берсін!», - деген ізгі ниетін жеткізді. 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: