«Әл Фирдаус» мешітінде ұлттық ойындардан сайыс өтті

«Әл Фирдаус» мешітінде ұлттық ойындардан сайыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Наурыз айының соңғы жұмасы  күні қалалық «Әл Фирдаус» мешітінде мешіттің бас имамы Жапек Ғалымбектің ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының атсалысуымен наурыз мейрамына байланысты жамағат арасында қол күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу сынды ойындардан сайыс өткізілді.

Сайыс нәтижесі бойынша арқан тартыс ойынында имамдар тобы жеңіске жетіп, 10 000 теңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Осы арқылы имамдық қызметте ғана емес, спорттық жарыста да белсенділік танытқан имамдар тобы үлгі аларлық тағы бір қырынан танылды.

Гір тасын көтеру  бойынша: 1-орынды Нұралы ұстаз иеленді – 5 000 теңге, 2-орынды Нұрлан есімді азамат иеленді – 3 000 теңге, 3-орынды иеленген Жұмабек есімді азаматқа – 2 000 теңге ақшалай сыйлық берілді.  Сонымен қатар, қол күресі ойыны бойынша 1-орын Жұмабек есімді азаматқа – 5 000 теңге, 2-орын Бақтыгерей есімді азаматқа - 3 000 теңге, 3-орын Абдурашид бауырымызға – 2 000 теңге ақшалай сыйлық берілсе, ләңгі тебу бойынша жарысқа түскен азаматтарға 1- орын иеленген Ағзам бауырымызға – 5 000 теңге, 2-орын алған Нұрлан бауырымызға – 3 000 теңге,  ал 3-орынды иеленген медресе шәкірті Айтөре бауырымызға – 2 000 теңге ақшалай сыйлық бұйырды. Жалпы жүлде қоры 40 000 теңгені құрады.

Спорттық додада осылай сайысқа түскен мешіт жамағаты екі жүз адамға арнайы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты.  

«Әл-Фирдаус» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: