Мал союдың сүннеттері

Мал союдың сүннеттері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Шафиғилар бойынша, «Бисмиллаһ» деп айту және тәкбір айту. «Бисмиллаһи уаллаһу әкбәр». 

2. Малды күндіз сою. Ханафилер бойынша, түнде мал сою тәнзиһән мәкрүһке жатады. «Ол түн ішінде құрбан шалуға және егін жинауға тыйым салды», – деген хадисті дәлел етіп көрсетеді.

3. Малды құбыла жаққа бұру. Мал сою да ғибадат амалға жатады. «Пайғамбар құрбан шаларда оны құбылаға қаратып: «Уәжжәһту уәжһи» деп басталатын («Әнғам» сүресінің) аяттарын оқыды». Алайда ұмытып яки әлде бір себеппен құбылаға қаратпайтын болса, мұндай сойылған малдың етін жеуге болады.

4. Малдың басын жоғары қаратып сол жағынан жатқызу. Егер солақай адам болса, онда оң жағына жатқызуына болады. Сонымен қатар, солақай адам оң қолымен соя алмайтын болса, оның союы – мәкрүһ. Ол басқа біреуге жол беруі, яки құрбан болса, өкілдігін беруі қажет.

5. Түйе сол тізесі байланып аяқта сойылады. Сиыр мен қой сол жағына жатқызылып бауыздалады. Оң аяғы еркін жіберіліп қалған аяқтары байланады. Бухари мен Муслимде «Алла елшісі қойды жатқызып сойды», – деп айтылған.

6. Малдың мойнындағы кесілуі тиіс барлық тамырларды кесу және тез арада іске асыру. Кейбірінің кесіліп, кейбірінің кесілмеуі – мәкрүһ. Өйткені жанының шығуы қажет.

7. Мал соярдан бұрын алдымен қажетті пышағын мал жоқ жерде қайрау керек.

8. Малды жерге қатты алып ұрып қиянат жасамағаны дұрыс.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: