Үйленуде ризалықтың болуы қажет. Ризалық жоқ жерде неке жарамды болмайды. Бір кісі біреуді өлім, қатты соққы, яки тұтқындау қорқынышымен үйленуге зорлайтын болса бұл неке бұрыс болады.
«Алла үмметімнен қателесу, ұмыту және мәжбүрлеген нәрсенің үкімін жойды». Хазіреті Айшадан жеткен бір деректе әкесі қызын күштеп үйлендіреді. Пайғамбар сол қызға таңдау еркіндігін береді.
Ханафилер бойынша, мәжбүрленген адамның некесінің де талақ етілуі де жарамды, дұрыс болады. Өйткені қанша мәжбүрленсе де ризалығы болмаса да меңзеу және таңдау бар. Бұл да әзілмен қарым қатынас жасауға ұқсайды.
Хадисте: «Үш нәрсенің шыны да шын, әзілі де шын. Неке, талақ және қайту талағында әйеліне оралу». Сол себепті Османлы құқығында Шафиғи мәзһабының көзқарасын негізгі көзқарас етіп қабылдап, қыз болсын, ер болсын қорқытып еріксіз қабылдатқан неке жарамсыз деп санаған.