Әли (р.а.) мен Фатима (р.а.) қалай үйленді?

Әли (р.а.) мен Фатима (р.а.) қалай үйленді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

...Хақ пайғамбар хазіреті Әнәске сахабаларды шақыруды бұйырды. Көп ұзамай сахабалар да келіп отыра бастады. Осы кезде Алла елшісі хазіреті Әлиге қарап: «сөз сөйле»,- деді. Хазіреті Әли ұяла-ұяла орнынан тұрып азғана сөз сөйледі. Артынан Алла елшісі де қысқаша сөз сөйлеп қызы Фатиманы 480-500 дирхам мәһірмен хазіреті Әлиге бергенін айтты.

Хазіреті Әли қатты қуанып: «Разымын, Пайғамбарым!», деп дереу сәжде етіп, Алла Тағалаға шүкіршілік білдірді. Алла елшісі құттықтап: «Осы неке екеулерің үшін де мүбарак болсын. Алла бақыт нәсіп етсін. Сендерге қайырлы ұрпақ берсін!» - деп дұға етті. Сосын айналасына қарап келген қонақтарға құрма таратуын айтты.

Құрма үстінде көптеген дұғалар жасалды. Неке қиылып біткен соң Алла елшісі хазіреті Әлиге:

– Ал, Әли енді үйлену тойың үшін ас беруің қажет деді. Хазіреті Әли:

– Құп болады деп орнына қарғып тұрып әзірлік жасай бастады. Сағд ибн Муаз былай дейді: «Менің бір қошқарым бар болатын. Пайғамбардың Әлиге айтқан сөзін ести сала дереу барып сол қошқарды алып келіп соны сойдық. Мәдиналық бір топ сахаба да тары әкелді. Дастархан жайылып келген қонақтарға ас берілді. Бәрі де тойғанша жеді.

Әсма бинти Умәйс Фатима анамыздың үйлену асы туралы айтқанда былай дейді: «Әли мен Фатима үйленген кезде қонақтарға ас беру үшін Әли сауытын бір яһудиге кепілдікке беріп одан азық-түлік сатып алды. Сол заманда Әли мен Фатиманың асынан көп және одан жақсысын көрмедім.

Үйленетін күні Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйлену тойы болатын жерге қашырын мініп келді. Қашырынан түсіп Фатимаға: «Қанекей, мін!», - деді. Ол мінген кезде хазіреті Салманға қарап: «Мынаның тізгінінен ұстап үйіне апар»,- деді де өзі біраз жерге дейін артынан еріп шығарып салды.

Той аяқталған соң келін мен күйеу үйлеріне кетті. Алла елшісі оларға біраздан соң үйлеріне баратынын айтты. Айтқандай аздан соң олардың үйінің есігін қақты. Есікті Умму Әймән ашты. Алла елшісі оған су әкелуін айтты.

Ол су алып келіп Пайғамбар алдымен қолдарын жуды. Сосын Әлиді шақырды. Әли келген соң оны қарсы алдына отырғызды. Одан соң қолындағы судан Әлидің арқасына және иықтарының арасына бүрікті. Сосын Фатиманы шақырды. Алла елшісі оған да дәл солай су бүркіп: «Аллам! Осы  үйленуді мүбарак ет! Олардың ұрпақтарын мүбарак ет!» деп дұға етті. Одан кейін «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқыды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: