Аудан бас имамы қарттармен кездесу өткізді

Аудан бас имамы қарттармен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні қашанда адамның абыройы мен ар-ожданын бәрінен де жоғары қойып, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтауға күш салады. Әлеуметтік әділеттілікті қолдап, он сегіз мың ғаламдағы барлық тіршілік иесінің бірде-біреуіне қылдай да қиянатың жасалмауын қалайды. Өйткені, Ислам дінінің басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым-қатынастар орнатып, тыныштықта тату-тәтті өмір сүру.

Т.Рысқұлов ауданы  «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы   ауданда  жаңадан ашылған жалғызбасты қарттарды қарайтын мекемедегі  қарауға мұқтаж  қариялармен кездесті. Бас иамам өз сөзінде қарттардың Ислам әлемінде алатын орыны туралы айта келе, сол мекемеде тұратын  қарияларға сабырлық туралы уағыз айтты. Кездесу соңында «Жауқазын» балабақшасының бүлдіршіндері тамаша өнерлерін көрсетіп, жаны жайсаң қарттардың көңілін бір серпілткендей болды.  

 

Әбілда Мейірханов,

зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: