Кезекті айлық уағыз дастарханы «Айсұлу ана» мешітінде жалғасын тапты

Кезекті айлық уағыз дастарханы «Айсұлу ана» мешітінде жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Айсұлу ана» мешітінің имамы Қуанышбеков Қанат ұйымдастырған бұл игі шараға қалалық мешіттердің имамдары өз жамағаттарын ерте келді.

Мешіт Бас имамы Ережеп айының Наурыз мерекесіне тұспа тұс келгенін, бұл айдың ерекшелігін айтып өтті. Келесі сөз Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Жұмағұл Қанатқа беріліп,  дін мен дәстүр сабақтастығы туралы уағыз айтылды. Сонымен қатар, жастар тәрбиесіне аса мән берілу керектігін насихаттады.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «өзгеруді өзіңнен баста!» деген бастамасымен өзіміз жастарға үлгі екенімізді еске салды. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда барса, соңғы дөңгелегі сонда болады» дегендей, алдымен улкен буын өзі түзелуі керектігін, жас буын улкендерге қарап бой түзейтінін айтты.

Наурыз мерекесіне жақсы тілектер айтылып, дастарханға Наурыз көже ұсынылды.

 

 «Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: