Жастармен өткен қос кездесу

Жастармен өткен қос кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бір күнде екі кездесу орын алды. Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы «Береке» гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесті. «Жастарға тағылым» атауымен өткен бұл басқосуда жастарға көптеген тағылымы мол насихаттар айтты,  әсіресе еңбек құндылығы жан-жақты түсіндірілді. Мұсылман бауырларымыз бен қарындастарымызға білім алудың қандай маңызы бар екенін де баса айтты. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерін негізге ала отырып, көркем де қарапайым тілмен айтқан насихаттарын жиналған жастар қауымы ұйып тыңдады. Жастарға теріс ағымдардың негізгі сипаттары, ұстанымдары түсінідірілді.

Сонымен қатар, аудандық мешіттің наиб имамы Асқар Сатылғанов Әлжан ана ауылында «Құдайберген» мешітінде жастармен кездесу өткізді. Наиб имам қазіргі таңда белең алып бара жатқан жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға қанағаттанарлық жауап берілді. Кездесудің негізгі мақсаты жастарды теріс діни ағымнан бойларын аулақ ұстау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу. Қос кездесуде де жиналғандар көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

 «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: