Белсенді азамат құрметке бөленді

Белсенді азамат құрметке бөленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күнделікті дәрістерге қатысушылардың ынтасын арттыру мақсатында, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне және Ережеп айының құрметіне орай мешітте белсенді жамағат мүшесіне құрмет көрсетілді.

Кезекті ақшам уағызынан кейін Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы  ҚМДБ тапсырмасы негізінде өтіп жатқан дәрістердің маңыздылығына тоқталып, көптеген тақырыптарға шалу жасағандықтарын және аталмыш іс-шара жамағаттың бірлігін арттырғанын тілге тиек етті. Күнделікті дәрістерден қалмай, сабақтарға белсенді араласып жүрген, елдімекеннің шетінен күнделікті жаяу мешітке келіп жүрген, Сапар атты ағамызға Дәуренбек Жандосұлы  мешіт атынан  велосипед сыйға тартып, Алла жолында алып жатқан біліміне береке, көп ізгі амалдар атқаруда сәттілік тіледі. Мешіт имамдарына разы болған Сапар бауырымыз өз разылығын білдіріп, батасын   берді.

«Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: