Алланың құдіретіне бас иді.

Алланың құдіретіне бас иді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні өте қарапайым киінген, жүдеу көрінетін əйел азық-түлік дүкеніне келді. Солғын тартқан өңімен, мұңды назарымен дүкен иесіне қарап, күйеуінің ауыр бір дертпен төсек тартып жатып қалғанын жəне үйінде жеті баласы аш отырғанын айтып, көмек сұрады. Дүкенші оған мұрнын шүйіріп: 

- Ей тіленші қатын, дүкенімнен шығып кет,- деді. Əйел байғұс дүкеншіге тағы да жалына бастады: - Ең болмаса қарызға беріңізші, балаларымның естиярларын қарнын тойғызып, адамдардың есігіне қызметшілікке жіберемін де, тапқан ақшаларын сізге əкеліп беріп, қарызымды үземін, - деді жалынышпен. Дүкенші сонда да аяушылық танытар емес еді. Екеуінің сұхбатын дүкеннің сыртында тұрған бір кісі есітіп, дүкенге кірді де, сатушыға: 

- Оның қарызын қайтаруына саған мен кепіл болайын, айтқандарын бер, - деді. 

Дүкенші жақтырмай қатқыл үнмен əйелге: 

- Керекті азық-түліктің тізімі барма? - деп сұрады. Əйел басын изеді. Дүкенші: - Олай болса сол тізім жазылған қағазды таразының бір жағына қой, екінші жағына сол қағаздың салмағына тең келетін нəрселер ғана аласың, - деді мысқылмен. Əйел үнсіз ғана киімінің қалтасынан қағазын шығарды да таразының бір жағына қойды. Сосын қажет азық-түліктер алып оларды екінші жағына қоя бастады. Сол кезде таңғажайып оқиға болды. Таразының қағаз қойылған жағы заттар қойылған жағын басып кетті... Бұл қалайша? Мүмкін емес?!- деп таңданды сатушы кепіл кісіге көздері шарасынан шығардай қарап. 

Əйел өзі қалағанша азық-түлік алды. Таразының қағаз қойылған бөлігі де ауыр тартып тұра берді. Дүкен иесінің амалы құрып, уəдесін бұза алмай, заттарды есептеп, сөмкелерге салып əйелдің қолына ұстатты да өзі жалма-жан қағазды қолына алды. Ол қағазға қарап еді, онда азық-ауқат тізімі емес, мына сөздер жазылған екен: 

- Я Аллам! Менің неге мұқтаж екенімді менен гөрі сен жақсы білесің. Сондықтан өзіңе тəуекел еттім. Өзіңнің аманат етіп берген балаларымның ризығын маған жеткізіп бер... 

Дүкенші есінен танып құлардай болды. Басын ұстап, сұлқ етіп отыра қалды. Əйел кеткен соң, кепілдік алған кісі дүкеншіге бір бума ақша ұсынды да, қайтымы керек емес, -деп, дүкеннен шығып кетті. Дүкенші болған жағдайды түсінбей, таңырқап, есі ауып кетердей мелшиді де қалды. Бір қызығы таразының азық-түлік қойылған бөлігі сынып кетіпті. Дүкенші болған оқиғаның байыбына бармаса да, Алла Тағаланың құдіретіне бас иіп, қала берді...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: