Зина жазасы және оның түрлері

Зина жазасы және оның түрлері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зина – Исламда және барлық илаһи діндерде тыйым салынған іс‑әрекет. Ол үлкен күнәлардан саналып ар‑намыс және нәсіл-нәсәпке қатысты бір қылмыс болғандығы үшін жазасы да өте ауыр жазалардың бірі.

Құранда: وَلَا تَقْرَبُوا الزِّنَا إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاءَ سَبِيل «Зинаға жақындамаңдар. Өйткені ол өте жаман бір іске апаратын бір жол», –дейді. 

Басқа аяттарда: «Олар Аллаһпен бірге басқа бір құдайға дұға жасамайды. Аллаһ харам еткен біреуді жазықсыз өлтірмейді. Зина да жасамайды. Кімде‑кім осыны жасайтын болса жазаға тартылады. Оған қиямет күні қабат-қабат азап беріледі және сол азап ішінде қор болып мәңгілік қалады».

Аятта: «Мұсылман ерлерге айт. Көздерін зинадан сақтасын және ар‑намыстарын қорғасын. Бұл өздері үшін жақсы».

Әйелдердің орану тұрғысында да былай дейді: «Мұсылман әйелдерге айт «Бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа. (беті, қол‑аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін».

Пайғамбарымыздың да ойнастыққа қатысты көптеген хадистері бар. Атап айтқанда, мұсылманның мұсылман болып зина жасамайтындығы яки ойнастықты ашық жасау қияметтің белгісі екендігі айтылады.

Исламда тыйым салған істерді жасаған адамға берілген жазаға «хад» (қат) жазасы деп айтылады. Қазақ тіліндегі «қат», «қатаю», «қаталдық» «қатаң» деген сөздердің түбірі осы «хад» сөзінен тараған болуы мүмкін. Исламдағы қатаң жазалар өте аз. Бұлар бесеу:

1. Зина. Бойдақтар үшін –100 дүре. Үйленгендер үшін – «рәжм» (тасборан) жазасы.

2. Ұрлық. Қол кесу жазасы.

3. Ішімдік ішу – 40‑80 дүре.

4. Жол торуылдап қарақшылық жасау. Қылмысының салмағына қарай өлтіру, асу яки аяқ‑қолын айқастарып кесу.

5. Зина жаласы. 80 дүре. Кісі ақысына қатысты жазалар да шариғаттың белгілеген жазасы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: