«Рада» (сөзі) – араб тілінде баланың анасын емуі деген сөз. Дүниеге келген баланың ең маңызды азығы –ана сүті. Баланың физикалық, биологиялық дамуында ана сүтінің маңызды екенін бүгінгі медицина дәлелдеуде. Құранда балаға сүт емізу әмірі мен ынталандыру аяттарымен қатар емізуді жүйелеген кейбір үкімдер де бар. Құранда:
وَالْوَالِدَاتُ يُرْضِعْنَ أَوْلَادَهُنَّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْنِ لِمَنْ أَرَادَ أَنْ يُتِمَّ الرَّضَاعَةَ
«Емізуді толықтыруды қалағандар үшін аналар балаларын толық екі жыл емізеді».
فَإِنْ أَرْضَعْنَ لَكُمْ فَآَتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ وَأْتَمِرُوا بَيْنَكُمْ بِمَعْرُوفٍ وَإِنْ تَعَاسَرْتُمْ فَسَتُرْضِعُ لَهُ أُخْرَى
«Ажырасқан әйелдерің өзінен болған балаларыңды емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер. Бұл мәселеде ақылдасып әрекет етіңдер. Егер келісе алмасаңдар, онда баланы басқа бір әйел емізеді». وَأُمَّهَاتُكُمُ اللَّاتِي أَرْضَعْنَكُمْ وَأَخَوَاتُكُمْ مِنَ الرَّضَاعَةِ «Сүт емізген аналарың және сүт жағынан қыз бауырларың да сендерге харам етілді».
Көптеген Ислам ғұламаларына қарай, ананың өз баласын емізуі «мәндүп» болып саналады. Емізгісі келмейтін
болса, онда күйеуі төмендегі қағидадан тыс нәрселерден басқа емізуге мәжбүрлей алмайды. Бала емізу нәпақасына кіргендіктен, бұл да баланың әкесіне уәжіп.
Сондықтан да күйеуі әйелін мәжбүрлеуге құқысы жоқ. Яғни анасы емізбейтін болса онда баланың әкесі басқа бір әйелді сүт ана ретінде жалдап баласын еміздіреді. Өйткені: «Емізуді толықтыруды қалағандар үшін аналар балаларын толық екі жыл емізеді» аяты насихат түрінде айтылған, яғни арнайы әмір емес, бірақ төмендегі мынадай жағдайларда ана баласын емізуге мәжбүр болады.
Бірінші: баланың өз анасынан басқаның сүтін ембеуі.
Екінші: Өзге бір сүт ана табылмауы.
Үшінші: Баланың әкесі болмауы және өзінен де сүт ана жалдайтын шамасы болмаған жағдайда ана баласын емізеді. Бұл жердегі мақсат – баланы аштықтан сақтау.
Осы айтылғандардан бөлек жағдайларда ана баласын емізуден бас тартса, әкесі балаға бір сүт ана табуына тура келеді. Сүт ана баланы өз анасының жанында емізеді, өйткені ана баласын «қамқорлық» мерзіміне дейін қасында ұстауға құқығы бар.
Әке әйелімен бір тұрып жатқан мезгілде, яки «рижиғ» (айну) яғни бірінші немесе екінші ажырасудан кейін арнайы «ғиддат» мезгілін күтіп отырған әйеліне өз баласын емізгені үшін ақы беруге мәжбүр емес, мұндай жағдайда баланың әкесі әйеліне нәпақа міндетін атқаруды жалғастырады.
«Байын» (анық) яғни үшінші талақ жағдайында болса күйеуі әйелін «ғиддат» мерзімін күтіп отырған кезінде емізуге мәжбүр ете алмайды. Ханафилердің мықты бір көзқарасына қарай мұндай жағдайда ана емізу ақысын
сұрай алады. Оған мынадай аят дәлел: «Олар өзінен болған балаларыңды емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер». Бұл аят ажырасқан әйелдер үшін түскен.
Ал, Мәликилерде әйелдің маңызды бір үзірі болмаса тұрмыс құрып тұрған кезде яки «рижиғ» (алғашқы екі талақ) талақтан кейін «ғиддат» күтіп тұрған әйел баласын емізуге мәжбүр ете алады. Олар: «әйелдер балаларын екі жыл емізеді» деген аяттың парызды білдіретінін айтады, бірақ әйелдер бай яки ақсүйек бір отбасынан болса емізуге мәжбүр ете алмайды. Бұл жерде дәлел «маслахатқа» қатысты әдет‑ғұрып. Басқа жағынан да «байын» талақ арқылы ажырасқан әйел үшін баласын емізу уәжіп болмайды. Дәлеліміз – бұндай жағдайда әйелдің емізуге ақы сұрай алу аяты.
Міне, осының бәріне зер сала қарасақ, Ислам жаңа туған балаға белгілі бір уақытқа дейін ана сүтін емуіне үлкен маңыз берген. Өз анасының қандай да бір жағдаймен емізе алмаса, басқа бір сүт ананы емуін артық санаған.