Бүркенуге тиісті ерекшеліктер мыналар.

Бүркенуге тиісті ерекшеліктер мыналар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірінші: Бүркеншіктің қолы мен жүзінен тыс барлық денені жабуы.

Әйелдер – намазда және бөтен ерлердің алдында беті мен қолы және аяқтарынан тыс барлық денесін жабулары тиіс. Қол мен беттің фитнаға, бүлікке түсу қорқынышы болмаса, намазда да, намаздан тыс та жабудың қажеті жоқ.

Мықты бір қөзқарас бойынша, аяқтарды да жабуы қажет емес. Өйткені аяқтармен жолда жүреді және кедей-кепшіктер үшін бұларды жабу қиындық тудырады. «Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол‑аяқтары)» аятында осы жерлердің ашық қалуға болатындығын білдірген. 

Жоғарыда Әбу Бәкірдің қызы Әсмаға қол мен жүздің ашық қалуға болатындығы айтылған. Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Әйел – оранып жүруі тиіс кісі. Сыртқа шыққан кезде шайтан оған көзін қадайды», – дейді.

Сөз ақыры «Нұр» сүресінің отыз бірінші аятындағы орамал (химар, хумур) және «Ахзаб» сүресінің елу тоғызыншы аятындағы сыртқы киім (жилбаб, жәләбиб) терминдерін қатар таразыласақ, әйел үшін екі бөлік киім түрі шығады.

Біріншісі: шаш, мойын және көкіректерін жапқан және иықтарына қарай жағаларының үстіне бос жіберілген «орамал», екіншісі болса «сыртқы киім» болып, мұның да түріне қатысты екі түсініктеме берілген. Орамалдың үстінен дененің төменгі жағына дейін жапқан үлкен бүркеніш киімі яки орамалдың астынан мойыннан төмен тобыққа дейін жапқан сыртқы киім.

Екінші: Бүркену – іш жағын көрсетпеу және денені белгілі етпеу.

Бүркеніш жиі тоқылған, қалың болуы тиіс. Денесін көрсететіндей жұқа киіммен намаз оқуға болмайды. Шафиғилар бойынша денені белгілі ететін киіммен намаз оқу – мәкрүһ. Бұған мысал ретінде хазіреті Әсмә туралы айтқанбыз. 

Хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Дихия әл‑Кәлбиге Мысырда тоқылған тоқыма мата беріп жартысынан өзіне көйлек, жартысынан әйеліне киім жасауын тапсырады. Соңынан: «Әйеліңе айт. Ішінен бір көйлек кисін. Өйткені дене бітімі көрінуінен қорқамын», – дейді.

Хазіреті Пайғамбар осындай ескертуді Усамә ибн Зәйдтің әйелі үшін де айтқан. Әш‑Шәукәни бұл хадисті былай деп түсіндіреді: «Бұл хадис бойынша әйелдер денелерін дене бітімдері көрінбейтін дәрежеде киім киюлері қажет. Сәтри әуреті үшін бұл шарт. Усаманың әйеліне «қутбия» деп аталатын киімінің ішінен көйлек киюін әмір етуі мұндай киімдердің дене бітімін көрсеткендіктен», – дейді.

Мына хадис үстінде киген киімі бар бірақ жалаңаш әйелдердің дүние мен ақыреттегі азапты жағдайын айтады: «Үмбетімнің ақырғы кездерінде киген киімі бар, бірақ жалаңаш көптеген әйелдер болады. Бұлардың бастарының төбесі түйенің өркеші сияқты болады. Оларға лағынет айтыңдар. Өйткені олар қарғысқа ұшырағандар». Басқа бір хадисте: «Олар жаннатқа кіре алмайды, тіпті жаннаттың иісін де иіскей алмайды»,- деген қосымша сөзі бар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: