Нарды ойынына шариғат не дейді?

Нарды ойынына шариғат не дейді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі кезде күн ұзақ ойнап, уақыттарын өткізетін ойындардың бірі – нарды ойыны. Ғұламалар бұл туралы әр түрлі пікірлер білдірген.

Нарды туралы алдымен хадистерге қарайтын болсақ,ол туралы Пайғамбарымыздың (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) көптеген хадистері бар. Кейбір атап айтқанда:

 أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى الَّهلُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ مَنْ لَعِبَ بِالنَّرْدَشِيرِ فَكَأَنَّمَا صَبَغَ يَدَهُ فِي لَحْمِ خِنْزِيرٍ وَدَمِهِ

«Нарды ойнаған адам қолын доңыз еті мен қанына батырғанмен тең»,

 أَنَّ رَسُولَ الَّهلِ صَلَّى الَّهلُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ مَنْ لَعِبَ بِالنَّرْدِ فَقَدْ عَصَى الَّهلَ وَرَسُولَهُ

«Нарды ойнаған адам Алла Тағалаға және Елшісіне қарсы келеді», «Нарды ойнап, сосын намаз оқуға тұрған адам – ірің мен доңыз қанымен дәрет алып намаз оқығанмен тең», – дейді. Ғұламалардың басым көпшілігі жоғарыдағы хадистер мен сахабалардың көзқарастарына қарай нардының харам екенін алға тартқан.

Ханафи ғалымдарынан Касани де осы нарды ойынына қатаң тыйым салып, қандай жағдайда да оның харам екендігіне пәтуа берген133. Әйтсе де кейбір Ханафи қайнар көздерінде оның «егер құмар ойыны етіп, ақша тігіп ойнайтын болса» харам екендігін алайда, уақытын босқа өткізіп ойнайтын болса онда мәкрүһ екендігін айтады. 

Имам Мәлік болса: فمََاذَا بعَْدَ الحَْقِّ إلَِّا الضَّلَالُ «Хақтан кейін артында тек адасқандық қалады» деген аятқа қарай нардының харамдығын айтады. Имам Шафиғи да бұл ойынға жылы қабақ танытпаған. 

Кейбір ғалымдар нарды ойынын жұлдыздардан медет тілеп жалқаулыққа салынуға апаратын болғандықтан харам екендігін айтады. Жаһилия заманында нарды ойыны тікелей пұтқа табынушылардың пұттардан медет тілеушілік ойыны болуы да мүмкін. Пайғамбарымыздың бұған қатаң тыйым салуының да себебі пұт пен жұлдыздардан көмек сұрау тұрғысынан болуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ кейбір ғалымдар арасында қазіргі таңдағы нардының Пайғамбар заманындағы нарды ойынынан
басқа дегендер де бар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: