Күйеуінің жақсылықтарын жоққа шығарма!

Күйеуінің жақсылықтарын жоққа шығарма!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дінімізде адамдардың бір-біріне құрметпен қарауы талап етіледі. Туған-туыстарымыз бен дос-жарандарымызды Ұлы Жаратушының бізге берген аманаты ретінде түсінуіміз керек. Əйелінің күйеуіне ыстық ықыласпен, жоғары ілтипатпен қарауы отбасының сүттей ұйып отыруына себеп болады.

Шешелерінің əкелеріне деген құрметін көріп өскен балалар да əкесін асқар таудай көреді. Ал жары отағасының азаматтық қасиетін бағаламаса, бала-шағаның тəрбиесіне де кері əсер етіп, шаңырақтағы сыйластықтың сұйылуына əкеп соғады.

Күйеуінің олар үшін атқарған еңбегін, тауып берген несібелерін жоққа шығару əйел үшін діни тұрғыдан дұрыс емес. Себебі олардың несібелерін жіберуші негізінен Алла тағала болса, отағасы бұл тұста тек ортадағы дəнекер ғана. Бұл Алланың бергеніне шүкір етпеу, қанағат қылмау деген сөз. Мұндай əйел отбасының берекесін өзі қашырады. Тіпті сол қолда бардың өзінен қағылуы мүмкін.

Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) сахабаларымен əңгіме үстінде: «Маған тозақтағы əйелдер көрсетілді. Мұндай көріністі бұған дейін көрген емеспін», – дейді. Сонда сахабалар əлгі əйелдердің неліктен ондай халге душар болғанын білгілері келеді. Алла елшісі: «Күпірліктерінің кесірінен», – деп жауап береді.

Сахабалар таң қалып: «Олар Алла тағалаға күпірлік еткен бе?» − деп қайта сұрайды. Пайғамбарымыз: «Олар күйеулерінің жақсылықтарына күпірлік еткен. Оларға өмірінің соңына дейін жақсылық жасасаң да, өзіне ұнамайтын бір нəрсе көріп қалса: «Сенен ешқандай жақсылық көрмедім» деп шыға келеді» – деп, əйелдердің тозаққа түсуінің бір себебін баяндаған. Ажалы жетпеген құлды Алла тағала несібесінен айырмайды. Бес күн сынақта тек соған қанағат ете білсек болғаны.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: