Тек Ибраһим пайғамбарға (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) тән ерекше ахуалдар

Тек Ибраһим пайғамбарға (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) тән ерекше ахуалдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұртты қиып, тырнақтарды алып, шашты қырып, қолтық пен шаптың түгін алып, мисуакты қолданып, сумен жуынып әрі сүндеттелуді бастағандардың алғашқысы Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) болған. Алғашқы болып сақалы ағарған да Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) болған. Ол кісіге дейін ешкімнің сақалы ағармаған. Сақалының ағарғанын байқаған ол: «Йа, Раббым! Мені одан да дәрежелі ете гөр», - дейтін.

Хазірет Әли (ол кісіге Алла разы болсын) қасиетті сақалының ағарғанын байқаған Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Алла Тағалаға былай деп айтқанын келтірген: «Йа, Раббым! Өзіңнің Досыңа неге мұндай масқаралықты жібердің?» Сонда Алла Тағала былай деп жауап береді: «Бұл масқаралық емес, исламға тән дәрежелік. Өзімнің құдіретіммен әрі ұлылығыммен ант етемін, егер исламдағы әлдекімнің сақалы ағарса, Қиямет күні оны есепке тартуға, амалдарын таразылауға, содан кейін оны Тозаққа тастауға Мен ұяламын». Содан кейін Ибраһим  (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) мына дұғаны айтады: «Йа, Раббым! Менің дәрежемді арттыра гөр».

Оның сақалының ағаруының тағы бір себебі келесідей болып келтірілген: кәрілікке бой алдырған  Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) мен Ысқақ (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлар бір-біріне қатты ұқсас болып кетеді. Екеуі де қаба сақалды болғандықтан, адамдар оларды ажырата алмайтын халге жетеді. Міне, сол себепті де Алла Тағала Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) сақалын ағартып жіберген екен. 

Сүндеттелу туралы бұйрық келгенде, Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) кішкене балтаны алып, өзін-өзі сүндеттегені келтірілген. Ол қатты ауырсынады. Сонда Алла тарапынан мынадай уахи түсіріледі: «Сен асықтың, Біз саған сүндеттеуді қалай жасауды әлі үйреткен жоқпыз», ал Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын): «Сенің бұйрығыңның кешеуілдеуін жарамсыз деп есептедім», - деп жауап береді. 

Сондай-ақ, риуаяттарда ағаш сандалдар кигендердің алғашқысы Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) екендігі айтылған. Оған Алла Тағаладан келесі уахи түседі: «Сен Мен үшін адамдардың ең құрметісісің. Сондықтан сен сәжде жасағанда басқалар сенің әурет жерлеріңді көрмесін». Осы уахиден кейін ол өзіне шалбар тігіп алып, халатының астынан киіп жүретін болған.

Соғыста жауларынан түскен олжаны адамдарға бөліп беруді және хижрат жасауды да алғашқы болып бастаған Ибраһим пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) болған. Қиямет күні ол алғашқы болып халат киеді. Бұл халат — кезінде оны отқа тастаймыз деп жалаңаштандырғанының сыйы болады. Алла Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Мақамын — мұсылмандардың Қыбыласы етті. Ол Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) адамдардың имамы етіп тағайындады. Алла біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның соңынан еруге бұйырды. Алла Тағала Ибраһимге (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) өткен уақыт баяндалған, сонымен қатар, уағыздар мен өсиеттер жазылған жиырма сухуф (шиыршық қағаз) түсірген.

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: