Құран аяттарының мәнін түсіну кімге нәсіп етілмеген

Құран аяттарының мәнін түсіну кімге нәсіп етілмеген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам әл-Ғазали, ол кісіге Алланың рақымы болсын, келесі адамдар Құран аяттарының мәнін түсіне алмайтын болады деген:

1- Кімнің негізгі діни ғылымнан, соның ішінде, араб тілі мен тәпсірден, жеткілікті білімі болмаса;

2- Үлкен күнә жасаушы күнәһар;

3- Әһлү-Сүннет уәл-жамағат ұстанымына сәйкес келмейтін бұрмаланған дін жолын ұстанушы.

Бұрмаланған дін оқуындағы адам араб тілін қаншалықты жетік біліп тұрса да, Құран аяттарын дұрыс түсіне алмайды. Мұндай адам түсіндірген Құран Тәпсір болып табылмайды әрі жоғарыда айтылып өткендей, мұсылманды Хақ жолдан тайдырады. "Әл-Хадика…" кітабында имам ан-Наблуси мынадай  хадисті келтіреді: "Менің үмбетім нашар дін қызметкерлерінен көп зардап шегетін болады". Бұл сөзімен біздің сүйікті Пайғамбарымыз, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, бізді келешекте мәзхаб ұстанбайтын дін қызметкерлерінің пайда болатынын ескерткен.

Көрнекті ғалым Имам ар-Раббани  "Мактубат" кітабында осындай түсіндірушілер туралы келесі хадисі келтірген: "Кімде-кім Құранды өз білгенімен (бұрыс) түсіндірсе, ол иман келтіргендерден емес" (Тирмизи: № 2951, 2952).

Кейбір «мәзхабсыздар» (діни қайраткерлер мен олардың ізбасарлары, әһлү-сүннет уәл-жамағаттың 4 діни-құқықтық мектебі болып табылатын: ханафи, мәлики, шафиғи және ханбали мәзхабтарын саналы түрде ұстанбайтындар.- ескертпе) мұның бүге-шегесін біле бермейді. Діни ғылым мағынасын бағаламау нәтижесінен, олар әрбір мұсылманға Құран аяттарын өз түсінгендеріне сай әрекет етуді ұсынады. Сонымен қатар, Сүннетті ұстанушылардың кітаптарын оқу зиянды деп есептеп әрі басқалардың оқуына тыйым салады.

 Шүбәсіз, оның орнына олар өздерінің «Өз білгенімен Құранды түсіндіру» тәсілімен құралған еңбектерін оқуды ұсынады. Олардың жазған кез-келген кітабын алып қарасаңыз, өздері бір мұджахидтар сияқты, дереккөз ретінде Құран мен Сүннетті (хадистер жинағын) көрсеткен. Ең мықты дегенде дереккөз ретінде келісілген пікірге (иджмаға) қарамастан Құран мен Сүннетті түсіндірген өз ұстаздарының кітаптары жазулы болады.

Негізінде, Құранның түсіндірілуі мұсылманның жеке пайымдауына негізделмеуі керек, керісінше, Пайғамбарымыздың, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, сенімді хабарламаларына және тақуалардың (әс-Сәләф әс-Салихин), яғни, Исламның алғашқы үш  буынындағы ғалымдардың келісілген пікірлеріне негізделуі тиіс. Хадисте былай айтылған: "Кімде-кім Құранды өз білгенімен, тіпті дұрыс түсіндірер болса да, сөзсіз, ол қателеседі" [ән-Насаи].

Ендеше, егер кімде-кім Құран аяттарын дұрыс түсіндірсе, бірақ оны өз тұжырымына сай жасайтын болса, - шариғатты бұзады, яғни, Хақ жолдан таяды. Ал егер кімде-кім Құран аятын әдейі бұрыс түсіндірсе, - оның діннен шыққаны. Бұл жөнінде имам әл-Хадимидің, ол кісіге Алланың рақымы болсын, «әл-Барика» кітабында айтылған.

"Сүннет адамдары мен татулық" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: