Имам Мұхаммед Ма'сум әл-Фаруктің (1079/1668; ол кісіге Алланың рақымы болсын) "Мактубат-и Ма'сумиййа" кітабында әр сахаба Пайғамбардан (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің танып-білу қабілеті қаншалықты мұршат берсе, соншалықты ілім алып отырғандығы жайлы айтылған. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалардың әрбіреуіне Қасиетті Құранның жасырын ілімін олардың танып-білу деңгейінің дайындығына сәйкес жеткізіп отырған. Әл-Бұхари келтірген хадисте былай айтылған: "Әркіммен оның қабылдау қабілетіне сәйкес сөйлесіңдер. Адамдармен діни ұйғарымдар туралы сөйлескенде, оларды Аллаға және Оның Елшісіне иман келтірмеуге әкеліп соғатын түрде сөйлеспеу қажет".
Бір күні Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Бәкірге (ол кісіге Алла разы болсын) оның түсінігі деңгейінде діни ғылымдардың бүге-шегесін түсіндіріп жатқан кезде олардың үстіне Омар б. Хаттаб (ол кісіге Алла разы болсын) келіп қалады да біздің Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәселенің төркіні Омарға да түсінікті болуы үшін әңгіменің түрін өзгертіп жібереді. Содан кейін оларға Осман мен Әли (бұл кісілерге Алла разы болсын) келіп қосылады және әр кез Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сахабалардың да мәселе төркінін жақсы түсінулері үшін, әңгіменің түрін өзгертіп отырған. Әр сахабаның ілімді жеке қабылдау өзіндік қабілеті болғандықтан, әңгіменің түрі әр кез өзгертіліп отырылған. Бұл даралық оларға Оған мадақ болған Алла Тағаламен берілген болатын әрі біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұны түсінетін. Содай-ақ, ол әрбіреуінің көрнекті қабілеттерін де жақсы білетін. Өйткені бұл сахабалар туралы Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтатын:
"Егер менен кейін пайғамбардың келуі мүмкін болса, ол — Омар болар еді".
"Османның өтініші бойынша Тозақ отынан жетпіс мың адам құтқарылатын болады. Олар есепке тартылмайды әрі олар бірден Жұмаққа кіреді".
"Мен - ілім қаласы болсам, Әли — сол қаланың қақпасы".
Сахабалардың осындай жоғары деңгейлері мен олардың араб тілін өте жақсы білуіне қарамастан, Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларды Қасиетті Құранмен жалғыз қалдырмайтын. Егер адамзаттың ардақтысы (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің түсіндіруінсіз осы төрт сахабаға бірдей түрде әңгімелеп берген жағдайда, олар Құран аяттарының ақиқат мағынасы тұрмақ, тіпті олардың түсіндірмесін де дұрыстап түсіне алмайтындығын білетін. Сол себепті де әрбіреуінің келуімен түсіндірменің берілу түрі өзгертіліп отырылған. Сахабалармен тілдесу барысында Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұхбаттасының қабылдау деңгейін түсіне отырып, Құранның түсіндірмесін жеткізген. Ол былай айтатын: "Біз — пайғамбарлар, адамдармен қарым-қатынасымызды олардың деңгейлеріне сәйкес жасауға әрі олардың түсінігіне сай тілдесуге міндеттіміз" [әл-Ғазалиден].
"Адамдардың түсінуіне қиын дүниелерді айту, кейбір кездерде бүлікке әкеліп соғуы мүмкін" [Ибн-и Асакирдан].
"Сүннет адамдары мен татулық" кітабынан.