Алла Тағаланың бар екендігінің логикалық дәлелі

Алла Тағаланың бар екендігінің логикалық дәлелі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Күндердің күнінде таңертең егер жеміс бағының иесі ағаштардың шашылып, құлап жатқанын көрсе, ол оны дауылдың немесе әлдебір табиғи апаттың нәтижесі деп қабылдайды. 

Алайда әр қатардағы үшінші жеміс ағашының орнында болмауынан ол бірден мұны істеген жел емес, саналы жаратылыстың, әлдебір қаскүнемнің жасағанын біліп қояды. Үйлесімді бұл дүние адам үшін кездейсоқтық болып табыла ма? Ол бұл әлем өзін-өзі жаратып алды деп қалай ойлайды?»

Алланың бар екендігінің логикалық дәлелі:

Бастапқы шарт А: Біз қазір бүгін бармыз.

Бастапқы шарт Б: Бірінен кейін бірі орын алған алдыңғы бір қатар оқиғалар біздің бүгін болуымызға әкеліп соққан. 

Егер біз қазір осында болсақ, онда біздің пайда болуымыздың алдындағы бір қатар оқиғалардың бастамасы бар. Кімде-кім осы бір қатар оқиғаларды таусылмайды десе, онда оның таусылмайтын нәрсенің ақыры болды дегені, ал бұл логикаға қайшы келеді. Бұл бір адамның былай айтқанындай: «Машинаның дөңгелегі есепсіз түрде айналатын болса, ол белгіленген пунктіне жетеді», — содан кейін машина белгіленген пунктке жетті дейді. Әйткенмен, есепсіз айналым саны келудің шарты болса, машина ешқашан белгіленген пунктке жетпес еді. 

Әлемнің  бастауы болса, онда бір қатар оқиғаларды болдырған Жаратушы болуы керек. Бастауы болу мен жаратылған болу — бұл бір нәрсе. Жарату, яғни, пайда болуға әкелу, бастауы бар нәрселердің бәрі жаратылуы керек.

Алла Тағала болып табылмайтынның бәрі жаратылған әрі «әлем» деп аталады. Алла Тағала жаратқан әлем араб тілінде «әл-әлям» терминімен белгіленеді, ал бұл термин «әл-әлямат» сөзінен шыққан, «бір нәрсені нұсқау» мағынасында қолданылады. Ал әлем (әл-әлям) өздігінен оны жаратқан Алланың бар екендігіне анық нұсқау болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: